Шымкент қаласындағы медициналық ұйымдар кішкентай пациенттер үшін жаппай мерекелік кештер өткізуде, деп хабарлайды Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Elitar.kz.
Мерекеде денсаулық сақтау басқармасы бастаған бір топ дәрігерлер медициналық ұйымдарда емделіп жатқан балаларды арнайы іздеп барып сыйлықтар үлестірді. Сондай-ақ түрлі ертегі кейіпкерлері балаларға арнап қойылым көрсетті.
Мереке күні Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиевтің қатысуымен мамандандырылған бөбектер үйінде шілдехана тойы өтті. Басқарма басшысы балғындардың тұсауын кесіп берді.
Ал №2 және Мейірім балаларды
оңалту орталықтарында емделіп жатқан
балғындар да мерекелік кештен қалыс
қалмады. Балаларды құттықтап барған
медицина мамандары оларға сыйлықтар
таратты. Ал бүлдіршіндер қуанышын бөлісіп
келген ел ағаларына арнап концерттік
бағдарлама қойып, өз өнерлерін көрсетті.
Сондай-ақ қаладағы Ана мен баланы емдеу орталығына барған №4 қалалық емханасының бас дәрігері Рамазан Бектұрғанов, №7 қалалық емхананың бас дәрігері Айжан Қожанқызы және Орынбаев атындағы жеке клиникасының директоры Дилфуза Розиқұлқызы, заласыздандыру орталығының директоры Мухиддин Сейітханов ВИЧ-ке шалдыққан балаларды құттықтап, сыйлықтар үлестірді.
Айта кетейік, мереке күні төрт бала бесікке салынды, алты баланың тұсауы кесілді.