Шымкенттегі Түркістан облыстық №2 перинаталды орталықта орын алған сәби өліміне қатысты қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы пікір білдірді, деп хабарлайды Elitar.kz.
"Келіншек 7 қыркүйек күні түсті. Гестациялық гипертензияның жеңіл дәрежесімен жүктіліктің 36 апта 1 күн мерзімінде тексерулермен бақылауда болды. Клиникалық протоколдарға сәйкес тексерулер жүргізілді. Жүкті келіншектің жағдайы қанағаттанарлық дейгейінде болды. 9 қыркүйекте іштегі баланың жүрек соғуының тоқтауы анықталды",-деді Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы.
Дәрігерлер бірінші кезекте босанушы әйелді аман алып қалудың жолын қарастырған. Себебі толғақ кезінде әйелдің өміріне қауіп төніпті.
"Орын алған жағдайды анықтаулар жүргізіліп жатыр. Қорытындының дайын болу уақыты бар.10 күннен аса уақыт кетеді. Қазіргі болжам бойынша баланың өліміне ішке түсіп инфекция себеп болуы мүмкін. Ана жатыры аман, тағы да балалы болуына ешқандай қауіп жоқ" деп қосты баспасөз хатшы.
Еске салсақ, №2 периниталды орталықта жаңа туған сәби көз жұмды. Босанған келіншектің анасы немересінің өліміне дәрігерлерді кәналады. Тұрғынның айтуынша, жүкті қызы өткен аптаның жұма күні перзентханаға түскен. Жағдайы бірқалыпты болған. Бірақ арада бірнеше күн өткеннен кейін келіншектің толғағы басталыпты. Келіншектің анасы осы кезде дәрігерлер салғырттық танытып, шұғыл түрде кесір тілігін жасамады дейді. Соның салдарынан жаңа туған нәрестенің жүрегі тоқтап қалған.