Бұл туралы қалалық Полиция департаментіндегілер хабарлады.
"Еңбекші АПБ-ның қызметкерлері қаладағы «Шымкент-Крепеж» ЖШС-де шетелдік азаматтар заңсыз жұмыс істейтінін анықтады.
Жедел-тергеу тобы Қазақстан Республикасының Көші-қон заңнамасын бұзған 11 шетел азаматын ұстады. Оның ішінде, 8 ҚХР азаматтары, 3 Өзбекстан Республикасының азаматтары" делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.
Қазіргі таңда Мамандандырылған әкімшілік сотының шешімі бойынша 6 шетел азаматтары ӘҚБтК-нің 517-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ал 5 шетел азаматтарының әкімшілік істері Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қарауына жолданған.