Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Birgemiz» қоғамдық қорына шымкенттік кәсіпкерлер қаржы аударуды тоқтатқан жоқ. Бүгін Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, танымал кәсіпкер Төреайым Сұлтанова өз атынан 1 млн теңге аударды.
Айта кетейік, Төреайым Жолдыбайқызы қалалық мәслихаттағы үш нәзік жанды депутаттың бірі. Ол бұған дейін де түрлі қайырымдылық шараларында белсенділік танытып, көптеген игі істердің баcы-қасында жүрген халық қалаулысы. Мәселен, Арыста орын алған төтенше жағдай кезінде депутат Сұлтанов қайырымдылық қорына 3 млн теңге аударған болатын.
Еске салсақ, Елбасы бастамасымен 20 наурызда құрылған қорға өткен аптада шымкенттік бизнесмендер атынан 163 млн 700 теңге келіп түскен.