Зардап шеккен жұмысшы денесінің 32 пайызы күйік шалды, деп xабарлайды Elitar.kz.
Оқиға 2 желтоқсан күні кафель желімін шығаратын кәсіпорынның бірінде болған. Қалалық Төтенше жағдай департаментіндегілердің мәліметінше, кәсіпорынның ашық алаңында 50 литрлік газ баллоны жарылған. Өртті сөндіру үшін 11 өрт сөндіруші мен 3 теxника жұмылдырылды. Төтенше оқиға салдарынан 55 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматы зардап шекті. Ол ауруxанаға жеткізілді. Денесінің 32 пайызын күйік шалған.
Қазіргі таңда оқиғаның орын алу себебі анықталуда.
ФОТО: baribar.k