"Отырар" - үздік аймақтық телеарна номинациясы бойынша үміткерлер тізіміне еніп отыр.
«Тұмар» — ұлтық телевизиялық бәйгесі 2017 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен құрылған. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры ұйымдастырып отырған байқау бойынша жеңімпаздар 10 номинациясы бойынша анықталады. Олар: үздік теоежурналист, үздік әлеуметтік жоба, үздік телевизиялық сериал, үздік деректі фильм, үздік ток-шоу, үздік аймақтық телеарна және т.б.
"Үздік аймақтық телеарна" номинациясына үміткерлер тізіміне шымкенттік "Отырар" телеарнасынан бөлек "Алау-ТВ", "Алматы" және "Саырарқа" телеарналары енді.
Айта кетейік, "Тұмар" байқауының жеңімпаздар тізімі 13 наурыз күні белгілі болады.