5 қаңтар күні Шымкент қалалық Полиция департаментіне жергілікті тұрғын белгісіз азамат жасөспірім қызын зорлағаны бойынша арызданған. Бұл бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы, 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары басталды.
«Қылмыскерді ұстауға бағытталған жедел іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес болған мән-жайларды анықтау және кәмелетке толмағанның заңмен қорғалатын құқықтарын сақтау үшін барлық қажетті шаралар қолданылуда»,-деді қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. Одан өзге департаменттегілер қылмыстың жасөспірім балаға жасалғанын назарға алып, Қылмыстық процессуалдық кодекстің 532-бабына сәйкес кәмелетке толмағандардың құпиялық құқығын сақтау керек екендігін ескертеді.
«Тергеу нәтижелері туралы ақпарат жұртшылыққа кәмелетке толмағандардың заңды мүдделері мен құқықтары бұзылмайтын, рұқсат етілетін көлемде жеткізіледі. Қылмыстық іс Шымкент қаласы Полиция департаменті мен прокуратураның бақылауында тұр» делінген баспасөз қызметі берген хабарламада.