Шымкенттік полицейлер балалар үйінің тәрбиеленушілерімен бірге таңғы жаттығу жасады

12 желтоқсан, 12:50

Жастар жылы аясында Шымкент қаласының Полиция департаментінің Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының қызметкерлері №4 балалар үйінің балаларымен бірге таңғы жаттығу жасады, деп хабарлайды Elitar.kz.

Департаменттің баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл шымкенттік полицейлердің балалар үйіне алғаш келуі емес. Олар онда тұрақты түрде барып тұрады.

Тәртіп сақшылары балаларға дене шынықтыру жаттығуларының кешенді әдісін көрсетті. Балалар полиция қызметкерлерімен бірге отырып-тұру, еңкею, аяқпен сермеу, секруді бар ынтасымен жасады. Жаттығудан кейін полицейлер жауынгерлік күрес тәсілдерінің элементтерін көрсетіп, балалармен қимыл-қозғалыс ойындарын ойнады.

Айта кетейік, №4 балалар үйінде 4-тен 18 жасқа дейінгі тәрбиеленушілер тәрбиеленеді.