ШЫМКЕНТТІК ПОЛИЦЕЙЛЕР ФРАНЦУЗДАРДЫ ҚОНАҚЖАЙЛЫЛЫҒЫМЕН ТАҢ ҚАЛДЫРДЫ!

04 сәуір, 09:57

Франциялық Брайнт отбасы Қазақстанға алғаш рет келді. Олар полицейлердің қонақжайлылығы мен қонақтарға деген ерекше ықыласына таң қалды. Өйткені полицейлер көліктеріне қауіпсіз тұрақ тауып беріп қана қоймай, оларға қаланың көрікті жерлерін аралатқан.

Ағылшын тілін жетік меңгерген Шымкент қ. ПД-нің полиция аға лейтенанты Төлеген Боранбаев Қонақтардың қасында аудармашы-гид болып жүрді.
Сондай-ақ, туристерді қаланың бас полицейі Ералы Жумаханбетов өзі қарсы алып құрмет көрсетті. 2020 жылы ТМД елдерінің мәдени астанасын атап өту шарасына орай оларды Шымкентке тағы да қонақ болуға шақырды.