Шымкент қалалық полиция департаментінің психологтары Жергілікті полиция басқармасы патрульдік полиция полкінің қызметкерлеріне «Коммуникативтік дағдыларды дамыту» тақырыбында психологиялық тренинг ұйымдастырды.
Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, тренинг қарым-қатынас орнатуда, адамдардың мінез-құлқын болжауда полицейдің мүмкіндіктерін анықтайтын коммуникативтік шеберлікті, сөйлеу дағдыларын, білім мен қабілеттілікті дамыту мақсатында өткізілген.
Тренинг барысында тәртіп сақшылары көкейлерінде жүрген сұрақтарға жауап алып, алған білімдерін өз қызметінде қолдануға уәде берді.
Айта кетсек, полиция қызметкерлеріне арналған мұндай психологиялық тренингтер тұрақты негізде өткізіліп тұрады.