Шымкенттік полицейлер есірткі бизнесіне жаппай тексеріс жүргізіп жатыр

20 қараша, 17:44

"Допинг" шарасына 1600​ полицей жұмылдырылды.

Шымкент қалалық Полиция департаментінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы қала аумағында есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңды айналымы саласындағы бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге бағытталған "Допинг" жедел-алдын алу іс-шарасын өткізуде. Бұл шара үш күнге созылады.

Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, іс-шараға ішкі істер органдарының 1600 қызметкері, оның ішінде есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі арнайы құрылымның 14 қызметкері жұмылдырылған.

Бірінші күні есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын 12 субъект тексеріліп, нәтижесінде бір құқықбұзушылық анықталды.

ФОТО: www.segodnya.ua