Шымкенттік тұрғыннан 63 келі контрабандалық күміс бұйымдар табылды

20 қыркүйек, 12:30

Зергерлік бұйымдардың жалпы сомасы 25 миллион теңгені құраған.

Шымкент қаласындағы Экономикалық тергеулер басқармасы Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментімен бірлесіп, 63 келі 825 грамм күміс әшекей бұйымдарды мемлекет кірісіне алды.

Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен, азамат экономикалық контрабанда үшін кінәлі деп танылды. Сот шешімімен тәркіленген контрабандалық күмісті тәркілей отырып, тұрғын шартты түрде 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.