​Шымкенттіктер Гиннестің рекордын орнатпақ

18 қаңтар, 16:44

Шымкенттік автомеханиктер бұзылған автокөліктердің бөлшектерінен керемет туындылар жасауда. Бұл жігіттер фантастикалық фильмдердің өзгеше роботтарымен, машинаның кабинасы сияқты етіп жасаған кеңселерімен танымал болып үлгерген. Ол ерекше кеңседегі үстел BMW көлігінің капотынан, орындығы – Mersedes көлігінен алынған, ал жарықшам цилиндрдің қалпақшасынан, киім ілгіш – коленвалдан, тежегіш дискісінен және маховиктен жасалған.

Автомеханиктердің ерекше қиялы арқылы Лексус бөлшегінен серіппелі орындық, ал шинадан жиһаз жасалған. Дөңгелектер бұған қоса құрылыс материалы ретінде де қолданбақ. Одан кейін Гиннестің рекордтар кітабына тіркелу үшін комиссияны шақыруды жоспарлап отыр. Ал көздеген номинациялары бірнеше: «Автобөлшектерден жасалған ең биік трансформер», «Капоттан жасалған шатыр», «Шиналардан жасалған шатыр, үйдің төбесі мен қабырға», «Резіңкеден жасалған жиһаз». Ал жазда бұл жігіттер қала тұрғындарына шинадан құрастырылып, шина жиһаздарымен жабдықталған ерекше ғимаратты ұсынуды жоспарлап отыр. Ал қонаққа келіп, қосалқы бөлшектерден жасалған туындылармен танысуға жерлестерін қазірдің өзінде шақырып отыр.


Бұл жігіттердің ерекше мақтанышы – өз қолдарымен жиналған «Нива» броньды машинасы. Көлікті тұтас «жапсырып» шығып, қажет бөлшектерді басқа қалалардан арнайы тапсырыспен алдырған. Машина «Терминатор» фильміндегі көліктерге ұқсас етіп құралған.

ДЕЙІН:


КЕЙІН:

Машиналардың қалдығы саналатын заттардан ерекше дүниелер жасап келе жатқан жігіттердің қолынан осы 3 жылда БМВ көлігінің 108 капоты, 50 есігі, басқа да көліктердің жүздеген түрлі бөлшектері өткен, ал бұзылған көліктердің саны мен тапсырыспен алдырылған бөлшектерді ешкім санап жатқан жоқ.