Әбіш Кекілбаевтың «Шыңырау» повесінің желісі бойынша түсірілген картина Fajr International Film Festival (FIFF) кинофестиваліне қатысатын болды.
Фестиваль 2019 жылы сәуірдің 18-26 аралығында Иран астанасы Тегеранда өтеді. Бұл туралы «Қазақфильм» киностудиясының баспасөз қызметі хабарлады.
Фильмнің режиссері - Жәнібек Жетіруов. Аталған фильм бұған дейін Бангладештің Дакка қаласында өткен 17-ші ХКФ үздік операторлық жұмыс номинациясы бойынша жеңіске жеткен.
«Фильм
тек кинофестиваль талаптарына ғана
емес, сонымен қатар көрермендердің
де көңілінен шығатынына сенімдімін.
Себебі фильмге арқау болған тақырып -
тың. Құпия мен сырға толы касиетті
Маңғыстаудың ғажайып табиғаты шығарманың
бояуын қанықтырып, оған терең астар
жүктеді», - деді фильм режиссері.
Түсірілім толықтай Маңғыстау облысында өткен.
Айта кетейік, Әбіш Кекілбаевтың «Шыңырау»
повесінің желісі бойынша түсірілген
картина құдық қазушы Еңсептің оқиғасын
баяндай отырып, менмендік, бақталастық,
махаббат, достық, қастандық сынды адамға
тән қасиеттерді көрсетеді.