Орал соты Сириядан эвакуацияланған 19 жастағы жігітті террорлық ұйымға кіргені үшін 8 жылға соттады.
Жасөспірім кезінде оны ата-анасы Сирияға шақырған, деп жазады "Уральская неделя" басылымы. Ол 2019 жылы қаңтар айында Қызыл крест қызметкерлері тұтқыннан құтқарғаннан кейін Қазақстанға оралды.
Туған қаласына келген бойда
оны уақытша ұстау изоляторына
орналастырып, "террористік
ұйымға қатысу" бабы бойынша қылмыстық
іс қозғалды. Тергеу болжамы бойынша, ол
тыйым салынған ұйымының операцияларына
қатысқан.
"Сот жігітті 257-баптың
2-бөлігі" террористік ұйымдарға қатысу
"бойынша кінәлі деп тауып, сегіз
жылға жалпы режимдегі колонияға үкім
шығарды", - деді судья Найля Жүнісова.