Өскеменде ішімдікке тойып алған жүргізуші полицейдің жағасынан алды

18 ақпан, 17:15

Оқиға 14 ақпан күні қала көшелерінің бірінде түнгі уақытта орын алған.

Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, тәртіп сақшылары «Toyota Camry» маркалы автокөлікті тоқтатқан.

"Белгілі болғаны, ішімдік ішіп, көлік тізгіндеген 30 жастағы қала тұрғыны бұған дейін көлік құралын басқару құқығынан айырылған. Ұсталған кезде ол полиция қызметкеріне былапыт сөздер айтып, күш көрсетуден тайынбады. Тәртіп сақшылары ер адамды уақытша ұстау изоляторына қамады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген ведомство хабарламасында.