Өскеменде екі азамат мейрамханадағы сейфті ұрлап кетті

11 наурыз, 12:00

Оқиға түнгі уақытта орын алған. Күдікті ретінде екі азамат қолға түсті.

Белгісіз азаматтар мейрамханаға терезе арқылы кіріп, темір сейфті қолды еткен. Анықталғаны сейф ішінде 20 200 АҚШ доллары мен 100 мың теңге болған.

Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, ұрлық жасады деген күдікпен 35 және 26 жастағы екі азамат күдікке ілінді. Олар өз кінәларын мойындады. Қазіргі таңда уақытша тергеу изоляторына қамауға алынды. Аталған факті ҚР ҚК-нің 188-бабы 4-тармағымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.