Өскеменде жас жігіт "Лексус-570" көлігін өртеп жіберді

11 наурыз, 15:00

Өзгенің мүлкін өртеп жіберген қаскөй қамауға алынды.

Оқиға Стрелка ауданында түнгі сағат 2-лер шамасында орын алған. Жас жігіт тұрақта тұрған көлікке жақындап, алдыңғы дөңгелегіне сұйықтық шашқан. Артынша оқ жаққан. Оның әрекеті көшеде тұрған бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Камера көмегімен күдікті ұсталды. Ол Өскемен қаласының тұрғыны болып шықты.

Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 202-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

"Лексус-570" көлігінің иесіне 22 млн теңге көлемінде шығын келтірілді.