ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына қанша қаражат бөлінді

15 сәуір, 11:51

Бізге мәлім болғандай, 9,348 млрд теңге Орталық сайлау комиссиясына, 56,9 млн. – Сыртқы істер министрлігіне бөлінеді. Бұл сома Үкімет қаулысы жобасында көрсетілген.


"Открытые НПА" порталында 2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Президенттің кезектен тыс сайлауын өткізуге Үкімет резервінен қаражат бөлу туралы қаулы жобасы жарияланды.

Құжатта 2019 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Үкімет резервінен 9 404 771 000 теңге бөлу жоспарланғаны көрсетілген. Олардың 9 347 885 000 ОСК – 56 886 000-Сыртқы істер министрлігіне бөлінген. Аталған сома қаржы Министрлігінің 2019 жылғы 12 сәуірдегі қорытындысына сәйкес бөлінеді, делінген жобадағы түсіндірме жазбада.