Мас жүргізуші қағып кеткен екінші қыз көз жұмды Барлық құқықтар қорғалған

05 сәуір, 10:22

Алматы облысында мас жүргізуші қағып кеткен екінші қыз 4 сәуір күні көз жұмды. Барлық құқықтар қорғалған.

Бұл туралы Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

14 наурыз күні жүргізуші қағып кеткен бір оқушы көз жұмған болатын.

Еске салсақ, 2 наурызда УАЗ көлігінің 54 жастағы жүргізушісі мас күйінде көлікке отырып, 4 қызды қағып кеткен еді. Салдарынан оқушылар ауруханаға, ал жүргізуші айықтырғышқа жөнелтілді.

4 сәуір күні сағат 21:00-де екінші қыз көз жұмды. Ол сегіз жаста болған.