ҚР Сырқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Жапониядағы Diamond Princess круиз лайнерінде болған қазақстандықтардың карантин кезіндегі жағдайы мен елге қалай оралғаны туралы айтып берді.
«Біз қазақстандықтардың аталған лайнерде болғанын естіген күні-ақ олармен байланыс орнаттық. Олар (екі әйел азаматы мен екі бала: авт) әр 2-3 сағат сайын біздің консулмен байланысқа шығып отырды. Олардан алғашқы сынама бортта алынды. Жағалауға шыққаннан кейін екінші сынама алынды. Одан кейін Жапонияның Денсаулық сақтау министрлігі оларлың денсаулық жағдайы жақсы, аман-сау екенін растайтын құжат берді. Кейін қатардағы жолаушылар сияқты билет алып, тіркеуден өтіп, елге ұшып келген. Коронавирус ошағы болып табылған орында болғандықтан олар елге келе сала, карантинге жабылды», - деді министрлік өкілі.