БАҚ: Иранда Денсаулық сақтау министрінің орынбасары коронавирусқа шалдықты

26 ақпан, 12:25

Иран елінің Денсаулық сақтау вице-министрінің вирусты індетке шалдыққаны туралы шетелдік БАҚ жарыса жазуда.

Еске салсақ, күні кеше ғана шенеунік жергілікті телеарналардың бірінде Иранда коронавирустың ушығу жағдайы бақылауда екенін мәлімдеген болатын. Ал сол сәттің өзінде вице-министрдің жағдайы нашарлап, денсаулығы сыр бергенін көрермендер байқаған.