Солтүстік Қазақстанда 6 жастағы балаға туған анасы мен өгей әкесі аяусыздық танытып, кемпірауызбен қинады деген күдікке ілінді.
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады.
Келіп түскен ақпарат бойынша, жеткіншекке қарсы кемпірауыз, сым желі қолданылып, қатыгез ата-ана оны тұншықтырған көрінеді. Бұған қоса оны жазалауға арналған таяқ үй дәретханасында сақталған.
Жарақат алған бала жергілікті аурухананың жансақтау бөліміне жеткізіліпті. Алайда артынша оның анасы келіп, баланы үйге әкеткен. Бұл жағдайға полицейлер араласып, баланы қайтадан ем қабылдау мекемесіне жатқызды.
Баланың әжесі Еленаның айтуынша, жеткіншектің өгей әкесі оны тұншықтырып, басынан орындықпен ұрған да екен, тіпті байқұс баланың басын керегеге соққан. Сонымен қатар кейуана немересінің басы мен денесі көк ала қойдай көгеріп, үстіндегі күйікті көріп шошынғанын жеткізді.
Айтуынша, немерісіне қарсы кемпірауыз да пайдаланылған. Салдарынан бала күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылған.
Жеткіншектің туған әкесі баласы болған жайт туралы оған хабарлап отырғанын айтты. Баласы оны сым желімен қылқындырғанын және оны ұрып-соғатын таяқтың бар екендігін жеткізіпті.
Бала бұған дейін эпилепсияға шалдыққан, алайда өз үйінде көрген қорлықтардан соң оның халі мүлдем нашарлап кетіпті.
Анасы баланың тегін өзгертіп тастағандықтан, оның мектепке қатынауына байланысты қиын жағдайлар туыпты.