Валюта:
  • USD / KZT - 518.34
  • EUR / KZT - 607.18
  • RUB / KZT - 6.62

    СҚО-да бір мезетте үш автокөлік өртеніп кетті

    12 қыркүйек, 11:30

    Оқиға Петропавлдағы жеке үйдің жанында орын алған. Өрт онда тұрған жеңіл көліктен шыққан, деп хабарлайды СҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Elitar.kz.

    Өрт алғашында Mercedes-Benz көлігінен шыққан. 10 минут ішінде өрт сөндірушілер оқиға орнына жетемін дегенше тілсіз жау оның жанында тұрған Toyota және Mazda маркалы көліктеріне өтіп, үш көлік өртке оранды.

    «Mercedes-Benz бен Mazda көліктерін жойып жіберді. Toyota-ға зақым келіп, салоны мен көліктің оң жақ бөлігі өртеніп кетті. Зардап шеккендер жоқ. Өртке электр құралдарымен жұмыс істеу кезінде өрт қауіпсіздігін сақтамауы себеп болуы мүмкін», - деді баспасөз қызметіндегілер.

    Осы ретте ведомстводағылар тұрғындарға төтенше жағдайдың алдын алу шараларын қатаң ұстануға шақырады. Автокөлік тез жанып кететіні соншалық небәрі 5-8 минутта күл талқаны шығуы мүмкін.