Шымкентте көпбалалы ана әкімшілік ғимаратының жанында кәмелетке толмаған екі баланы қалдырып кеткен. Әйел осылайша жергілікті органдардың назарын әлеуметтік мәселелерге аудартуды шешті. Құқық қорғау органдары жағдайды талдағанша, бала мен қыз мемлекеттік мекеме ғимаратында аналарын шыдаммен күткен. Әйелдің 4 баланы жалғыз асырап отырғаны белгілі болды.
Оқиға 12 шілдеде, түскі үзіліс кезінде орын алған. Ғимаратта емшектегі баласы бар әйел қалған екі баласын тастап, кетіп қалған, Абай ауданы әкімшілігінің қызметкерлері полиция қызметкерлерін шақыртқан.
"Ол 112 кварталда
тұрады және пәтер ақы төлеуге
ақшасы жетпеген. Ол ешқандай талаптар
қойған жоқ, жай ғана балаларын тастап,
кетіп қалды. Біраз уақыттан
кейін оларға қайтып оралды. Қолхат
немесе түсіндірме жазған
жоқ. Ол пәтер керек екенін айтты.
Біздің көмектен бас тартты",- деді
әкімдік.
Абай әкімдігінің
қызметкерлері көп балалы ананың
мемлекеттен көмек алатынын атап өтті.
Оған тұрғын үй кезегінде
тұруға кеңес берілген.