Солтүстік Қазақстанда 17 жастағы бойжеткеннің денесі шұңқырдан табылды

16 қазан, 10:30

Жоғары сынып оқушысы 13 қазан күні кешкі сағат 22.00 шамасында үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған.

Солтүстік Қазақстан облысындағы Булаево қаласының тұрғынын алғашында туыстары іздемек болған, кейін полицияға хабарласқан. Тәртіп сақшылары мен еріктілер дереу іздеу шараларына кірісіп, ертеңіне бойжеткеннің денесін қазан шұңқырдан тапты.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бойжеткеннің сырт киімі мен ұялы телефоны шұңқыр маңынан табылған. Оқушының денесін тексеру кезінде зорлық белгілері анықтамаған. Аталған жайтты полицейлер тіркеп, сараптама тағайындады.