Петропалда тұмаудың өршуіне байланысты бір мектеп карантинге жабылды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының берген мәліметінше, 71 бала бүгінде ем қабылдап жатыр. Тұмауға шалдыққан 40-тан астам бала күнделікті қаралып отыр.
Суық тиюден келген вирусты инфекция салдарынан Петропавлдағы №6 жалпы орта мектебі жабылды. Мұнда 600-ден астам бала оқыса, тұмауға байланысты оның 30 пайыздайы сабақтан қалған. Тағы 5 мектептің отыз бір сыныбында да сабақ беру уақытша тоқтатылды. Алдын ала болжам бойынша карантин бір аптаға дейін созылуы мүмкін.