Республикада бүгінгі күні 714 көпбалалы отбасы жалдамалы тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кеңесшісі Руслан Иманқұлов хабарлады.
"Өздеріңіз
білетіндей, Қазақстанның Тұңғыш
Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың
тапсырмасын орындау аясында өңірлерде
көпбалалы отбасыларға тұрғын үй беру
басталды. 30 сәуірде парламент тұрғын
үй қатынастары мәселелері бойынша заң
қабылдады. Естеріңізге сала кетейік,
мамыр айында 249 көп балалы отбасы
баспанаға ие болды. Ай соңына дейін ел
бойынша 2019 жылы жоспарланған 6 мың
отбасының 1 200 — і тұрғын үймен қамтамасыз
етіледі", - деді Иманқұлов.
Қазақстанда
340 мың көп балалы отбасы тұрады,
әкімдіктердің есебінде 32 мың тұрғын
үйге мұқтаж отбасы тұр.