Каспий жағасына жүздеген шаян шығып қалды

11 наурыз, 20:00

Ақтаудағы Солдат жағалуы маңында жүздеген шаян жағаға шығып қалды. Маңғыстау облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясының балық шаруашылығы бөлімінің жетекшісі Адизал Шихметовтың айтуынша, бұл жағдай дауылды ауа райына байланысты.

Ал шаяндарды жергілікті тұрғындар жинап алып, үйлеріне алып кетті. Балық шаруашылығының мамандары бұл жағдайды көктемнің келуімен байланыстырып отыр.
Сонымен қатар 2019 жылдың 1 сәуірі мен 15 маусымы аралығында облыста балық аулауға тыйым салынғанын еске салады. Бұл уақытта теңіз жануарлары уылдырық салады. Заңды бұзғандарға ҚР ӘҚЖК 383-бабының 3-бөлігі бойынша (балық аулау тәртібі мен балық ресурстарын және басқа да теңіз жануарларын қорғау тәртібін бұзу) 50 500 теңге (20 АЕК) айыппұл салынады.

Ақпарат inAktau.kz сайтынан алынды.