Коронавирус: ІІМ қызметкерлері бір күндік жалақысын аударады

19 наурыз, 19:30

Қазақстанның барлық өңірлеріндегі полицейлер, құтқарушылар мен Ұлттық гвардияның әскери қызметшілері бір күндік жалақысын аударады.

Жалпы алғанда, COVID-19 вирусына қарсы күрес және коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы әрекет ету бойынша қажетті медициналық шараларды іске асыруға 400 миллион теңге жұмсалады.

"Біздің министрліктің және оның бөлімшелерінің офицерлік және сержанттық құрамы, мемлекеттік қызметшілері коронавирусқа қарсы күреске бір күндік жалақысын аударуды ұсынды. Біз полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілерге, азаматтық қорғау қызметкерлеріне ризашылығымызды білдіреміз", – деп атап өтті Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.