08 ақпан, 15:30
Шымкентте екі әлеуметтік маңызды бағыт іске қосылды. Оның бірі – Ынтымақ, екіншісі Қайнарбұлақ елдімекендеріне апарады.
«Өзімізді нағыз қалалық ретінде сезіне бастадық!» – қалаға қосылған аудандардың тұрғындары автобустар жүре бастаған соң осылай деп қуанып отыр.
Нақты айтқанда былтыр қаладағы жолаушы тасымалдаушылар 80 жаңа автобус сатып алған болатын. Жаңа автобустар әлеуметтік-маңызды бағыттарда қатынауда.
2019 жылдың 1 ақпанынан бастап әлеуметтік маңызы бар тағы екі №55 және №149 бағыттар ашылып отыр. Ол бағыттарда үлкен автобустар қатынауда. №55 автобус бағыты Ынтымақ шағынауданы арқылы жүрсе, №149 автобус қала орталығынан Қайнарбұлақ елдімекеніне қатынауда. Бұған қоса алдағы уақытта Текесу, Айнатас, Жыланбұзған, Елтай, Жаңаталап, Көкбұлақ елдімекендеріне жаңа бағыттар ашылмақ.
Айта кетейік, 2018 жылы Шымкент қаласында 27 көлік компаниясы 79 бағытта жолаушыларға қызмет көрсетті.
Автор:
Elitar.kz