Созақ аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы пара алу фактісімен ұсталды.
Ұстау операциясының видеосын ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің You Tube каналы жария етті.
Түркістан
облысында Созақ аудандық жер
қатынастары бөлімнің басшысына
қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Ол шаруа қожалығы төрағасынан жайылымға жер телімін
беру туралы мәселені оң шешкені үшін
100 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілініп отыр.
"Күдіктіге қатысты
кінәні толық мойындауға байланысты
процессуалдық ұстау қолданылған жоқ",
- деп атап өтті МҚІСҚА жұртшылықпен
байланыс департаментінің директоры
Арман Бердалин.