12 ақпан, 12:28
ХҚКО қызметкерлері қатерлі ісік сияқты ауыр дерттерді емдеуге 25 литр қан тапсырды.
Дәрігерлердің айтуынша, бұл жақсы нәтиже және қан орталығына едәуір көмек. "Мен - Донормын" қайырымдылық акциясына 50-ден астам қызметкер қатыств. Осы мақсатта филиал кеңсесіне Қан қызметінің көшпелі бригадасы келіп, корпорация қызметкерлері жұмыс процесіне алаңдап, кедергі келтірмей қан тапсырды.
Ұжымдағы басшыдан бастап, фронт-офис қызметкерлері, жас жігіттер мен талдырмаш қыздар, жаңадан келген мамандар мен тәжірибелі донорлар да қан тапсырды.

"Қанды алғаш рет тапсырып отырғаным жоқ. Біздің мекеменің донорлық акцияға қатысқаны қуантады. Алдағы уақытта да осындай іс-шаралардың көп болуын және дәрігерлердің жиі келгенін қалар едім. Бәріміз мұқтаж жандарды қолдап, оларға көмектесеміз", - деді филиалдың бас есепшісі Әлия Лесова.
Филиал директоры басқа мекеме қызметкерлері мен қала тұрғындарын акцияға қатысуға шақырады. "Мен - Донормын!" акциясы талай өмірді сақтап қалып, науқастарды емдеуге көмектеседі.
"Жұмысымыздың қатаң тәртібіне қарамастан, донорлық акцияны кеңсемізде ұйымдастыра алғанымызға өте қуаныштымын. Алғаш рет қан тапсырып отырғаным жоқ. Мұны науқасқа көмек көрсету тұрғысынан да, донордың өзі үшін де өте маңызды іс деп санаймын. Қан тапсырғысы келетін әріптестеріміз көп, мені бұл таң қалдырмайды. Өйткені, біздің ортақ құндылықтарымыз бар. Ал өзгелерге көмек көрсетіп, қол ұшын созу тек қана біріктіреді. Біз осындай акцияларды өткізуді міндетті түрде жалғастырамыз. Себебі, тек қан беру ғана емес, үнемі қан тапсырып отыру да маңызды", - деді филиал директоры Бахыт Басымбек.
Айта кетейік, жасы 18-ден асқан, дені сау, тиісті медициналық тексеруден өткен және терімкөрсетілімдері жоқ, өз еркімен қан тапсыруды шешкен кез келген адам донор бола алады.