Спортшы Фируза Шарипова WIBA нұсқасы бойынша чемпиондық белбеуінен айырылды

24 қазан, 16:47

Фируза Шарипова кәсіпқой бокс бойынша әлем чемпионы атағынан айырылды. Белдіктен айырылудың себебі белгіленген мерзімде оны қорғауға арналған жекпе-жетің болмауынан орын алған. Спортшының баспасөз қызметіндегілер қаржыландырудың болмауына байланысты белдікті қорғауға арналған кездесудің өтпегенін хабарлады.

Қазақстандықтың атағы жоғалуына қарамастан, Франция спортшысы, әлем чемпионы Мойва Хамадуш Қазақстан боксшысын жекпе-жекке шақырған болатын, ол үшін қарсылас Қазақстанға келуге дайын.

Фируза Шарипованың баспасөз қызметі елде кездесу өткізу үшін Мәдениет және спорт министрлігі мен Қазақстан Үкіметінен қаржылай көмек сұрағандарынан мәлімдеді.
Спортшы өзінің желідегі парақшасында спортқа қайта оралғысы келетінін айтты.

"Мен боксқа әлем бойынша үздік болу үшін қаржыландыру болған жағдайда ғана ораламын... Әжептеуір үзіліс болды. Мен шын мәнінде боксты сағындым. Спорттық мансабымды жалғастыруға ниетім де, мүмкіндігім де бар", – деп жазды спортшы қыз Instagram желісіндегі парақшасында.

Шарипованың айтуынша, егер оған 1 миллион доллар тартылса, онда ол екі жекпе-жек өткізеді. Ал 2020 жылдың соңында Майва Хамадушқа қарсы әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жекке шыға алады.