Сотталған немесе сотталмағаныңыз туралы анықтаманы сіз үшін кез келген адам ала алады

26 шілде, 15:33

Енді соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтаманы тек азаматтың өзі ғана емес, сонымен қатар ол үшін басқа жеке немесе заңды тұлға ала алады.

Мәселен, адамды жұмысқа орналастыру кезінде соттылығы туралы анықтама талап етілген жағдайда, жұмыс беруші оны "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өз бетінше алуға құқылы.

Бұл қызмет өзіне қатысты мәліметтер сұратылып отырған тұлғаның келісімімен ғана көрсетіледі.
Адамның келісімі SMS-растау арқылы электрондық түрде алынады.