Шымкентте дәрігерлер сірке суын ішіп қойған бір жасар қыз баланы аман алып қалды, деп хабарлайды Elitar.kz.
Анасының айтуынша, нәресте қонаққа барған кезде қауіпті сұйықтықты абайсызда ішіп қойған. Содан кейін оны ауыр халде жергілікті жедел жәрдем ауруханасына жеткізген. Мамандар сәбидің ішкі органдарының зақымданғанын анықтап, оны шұғыл түрде Шымкенттің Гипербариялық оттектеу орталығына ауыстыру туралы шешім қабылдаған. Улы сусынды ішіп қойған бүлдіршіннің ауыз қуысын және өңешін химиялық күйік шалған.
"Анасының
сөзінше, қонақта жүрген кезде бір жасар
қызы абайсызда уксус ішіп қойған. Балаға
жедел түрде қажтеті медициналық көмек
көрсетілді. Қазіргі жағдайы жақсы. Әлі
ауруханада бір аптадан жатып ем
қабылдайды,"-деді Гипербариялық
оттектеу орталығының бас дәрігері
Мадина Ермағанбетова.
Қазір
бөбектің жағдайы жақсы. Анасымен бірге
токсикология бөлімінде ем қабылдап
жатыр.