Шымкент қаласы Қаратау аудандық сотында бұрынғы аға офицерге қатысты сот үкімі оқылды, деп хабарлайды Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Elitar.kz.
ҚР ҚК-нің екі бірдей бабы бойынша айып тағылған бұрынғы офицер сот үкімімен 30 млн теңге айыппұл төлейтін болды.
Ол бұрын Шымкент қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің жедел іздестіру басқармасының қаржылық және салықтық қылмыстарды ашу бойынша аға офицері қызметін атқарған. Сотталушы жәбірленушіден алдау жолымен 5 000 000 теңге талап еткен. Қызметтік өкілеттігін пайдаланған ол өз әрекетін соңына дейін жеткізе алмаған.
Құқық
қорғау органдары құрықтаған экс-офицерді
Қаратау аудандық соты ҚР ҚК-нің 24-бабының
3-бөлігімен және 190-бабының 3-бөлігі
2-тармағымен кінәлі деп таныды. Сот
барысында өз кінәсін толық мойындаған
айыпталушы прокурормен процессуалдық
келісімге келген.
"Қаратау
аудандық соты ҚР ҚК-нің 55-бабының 4-бөлігін негізге ала отырып сотталушыны
өмір бойына мемлекеттік мекемелерде
жұмыс істеу құқығынан айырды. 30 млн
теңге айыппұл төлеу жазасын кесті.
Мүлкі тәркіленіп, 4-ші сыныпты біліктілік
деңгейінен айрылды,"- деп хабарлайды
Шымкент қалалық сотының баспасөз
қызметі.