"Істі жауып тастады": Алматыда 7 жасар баланы көршісі қорқытып, клизма жасап берген

20 қаңтар, 14:25

Бүлдіршіннің анасы ұлыма азғындық жасаған ер кісі жазаланбады деп жанайқайын жеткізді.

Бұл туралы "НеМолчи.kz" қорының Facebook желісіндегі парақшасында жарияланды.

20.08.2019 жылы Алматы қаласы Әуезов ІІБ-не жеті жасар баланың анасы ұлына көршісі тарапынан жасалынған азғындық іс-әрекеті бойынша шағымданған.

"Бүлдіршінді балалар алаңынан көршісі үйіне алып келген. Алдымен оған компьютерде ойын ойнауына рұқсат беріп, кейін бірге карта ойнаған. Содан соң балаға клизма жасап беруді ұсынған. Бірақ бүлдіршін бас тартыпты. Алайда ер кісі оған қол көтеріп, баланың киімдерін шешіп, медициналық клизмамен дегенін жүзеге асырады. Бүлдіршіннің іші ауырып, дәретханаға жүгіреді. Шыққан соң ер кісі оны жуындырып, клизманы екінші рет жасайды. Кейін ер кісі балаға үйіне кету керектігін айтады.

Бүлдіршін үйіне келгенде анасы қайда болғанын сұраған. Ол не болғанына анасына айтып береді. Әйел азаматы дереу полиция шақырған. Алайда бөлімшеде анасы мен баласын түнге дейін ұстап, кейін ғана жауап алған. Бұл кезде бала қатты шаршаған және ұйықтайтын уақыты келген. Онымен қоймай бүлдіршіннен адвокатсыз жауап алынған. Бұл да баланың құқығы бұзылғанынан аңғартады" делінген жазбада.
Жауап алу кезінде тергеуші жағдайды анықтауға тырыспапты. Іс ҚР ҚК-нің 124-бабының 1-бөлігі бойынша (жас балаға қатысты зорлық-зомбылықты қолданусыз азғындық іс-әрекеттер жасау) тіркеледі. Арада екі ай уақыт өткен соң прокуратура дәлелдемелердің жеткіліксіз болуына байланысты істің жабылғанын хабарлайды.
"Демек, әйелдің көршісі ешқандай жаза алмады!

Полиция мен прокуратураның нұсқасы бойынша бөтен ер азамат жеті жасар балаңызды алып кетіп, оған клизма жасап, шомылдыруы қорқынышты жағдай емес. Баланың анасының сөзінше "клизма жасағыш" көрші пәтерін дереу сатып, өзге жаққа көшіп кеткен. Тіпті келіншекке кешірім үшін қомақты қаржы да ұсыныпты. Алайда ол бас тартқан.

Мұндай жайттарға үнсіздікпен қарауға болмайды. Себебі жазасыз қалу тағы бір қылмысты орын алуына әкеп соғады" деп жазды қордағылар.