Бүгін Шымкент қалалық полиция департаменті ҰҚК департаментімен бірлесіп, шаһардағы «Shymkent Tulpar» және «Нипа» базарларында арнайы операция өткізді. Сот санкциясымен сауда орындарында тінту жүргізілген, олардың нәтижелері бойынша діни әдебиеттің, оның ішінде салафит түсіндірмесінің, сондай-ақ электронды ақпарат тасығыштардың айтарлықтай саны анықталып тәркіленді. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Тергеу болжамы бойынша салафизм ағымын жақтаушылар жоғарыда аталған базарларға келушілері мен осы базарлардың сатушылары арасында деструктивтік әдебиетті таратумен айналысқан.