Ақмола облысындағы қорықшыларды атқандарды ұстау туралы ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев баяндады. Қорықшыларға оқ атқан браконьерлерді жер мен әуеден іздеген, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Ерлан Тұрғымбаев республика бойынша "ұстау" жоспары жарияланғанын хабарлады. Ақмола, Қостанай облыстары мен СҚО-ның жеке құрамы күшейтілген қызмет түріне ауыстырылды.
Жолдарда жедел-іздестіру
топтары жұмыс істеуде, блокпостар
қойылды.
ҚР ІІМ ТЖК тікұшақтары мен
"Арлан" арнайы жасағының қызметкерлері
жұмылдырылды.
Шабуыл орнынан 20
шақырым жерден "Нива" көлігі табылды.
Арқалық қаласының тұрғыны ұсталды.
Сондай-ақ, шабуыл кезінде қолданылған
қару мен оқ-дәрілер тәркіленді.
Жыл
басынан бері ІІМ браконьерлік фактілері
бойынша 37 қылмыстық іс қозғаған. 32 адам
ұсталды, олардан ақбөкен мүйіздері,
қару-жарақ пен көлік тәркіленді.
Браконьерлер
келтірген шығын сомасы 1,3 млрд теңгені
құрайды.