"Ұсталмадым" деген Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары қамауда отыр

12 наурыз, 13:00

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің мәліметінше, Руслан Мамуновқа қатысты Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» бабы бойынша тергеу басталды. Қазір ол Нұр-Сұлтан қаласындағы Полиция департаментінің тергеу изоляторында отыр. Өзге ақпарат тергеу құпиялығына байланысты айтылмайды.

Еске салсақ, ақпан айының соңында Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Руслан Мамуновтың пара алып жатқан жерінен ұсталғаны туралы ақпарат бірқатар БАҚ беттерінде жария етілді. Кейінірек шенеунік бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын, қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласында шаруалармен жүргенін желі парақшасында жазды. Сонымен қатар Мамунов өзіне қатысты жалған ақпарат таратқандарды сотқа беруге ниетті екенін де мәлімдеді.