​Ер азамат Өзбекстаннан Қазақстанға заңсыз жүзіп өтпек болған

22 қараша, 15:40

Шекарашылар Өзбекстан аумағынан Келес өзені арқылы Қазақстанға жүзіп өтпек болған ер адамды ұстады. ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға сейсенбі, 20 қарашада болған. Қазақстан аумағына заңсыз кіруге тырысқан азаматты Сарыағаш отрядының шекарашылары ұстады. Оның жеке басын куәландыратын құжаттар өзімен бірге болмаған. Айтуынша, ол Қазақстан азаматы және жасы 28-де.