Ақтөбеде студент қыз туған әкесін пышақтап тастаған

30 сәуір, 19:36

Туған қызы әкесіне пышақ сілтеп, оны үш жерінен жарақаттаған. Бірақ қыздың қорғаушысы соттан қылмыстық істі жабуын өтінген, деп хабарлайды "Ақтөбе Таймс" газетіне сілтеме жасай отырып Elitar.kz.

Белгілі болғандай, студент қыз психикалық ауруға шалдыққандықтан осындай қанды қылмысқа барған.

Оқиға ақтөбелік отбасылардың бірінде орын алды. Өткен жылдың күзінде қызда психикалық ауытқулар басталып, бөтен дауыстарды ести бастаған. Дауыстар әкесін өлтіру керек деп айтқан. Ол кезде бойжеткен шетелдік ЖОО-ның бірінде оқып жатқан. Әкесі оны үйіне алып қайтады. Оралғаннан кейін, үйдің ауласында студент пышақ алып, әкесін бірнеше рет жаралаған. Соққылар жамбас, кеуде және бетіне тиеді. Ер адам жеңіл жарақат алғанымен, қыз стационарға жатқызылған. Оның жүйке ауруына шалдыққаны анықталған.

Әкесіне соққы жасалған сәттен бері жарты жыл өтті. Қыз ауруханада толық емделді. Сотқа келген ата-анасы қазір оның қауіп төндірмейтіндігін айтқан.
Сотталушының қорғаушысы оған психдиспансерде мәжбүрлеп емдеу шарасын тағайындамауды және қылмыстық істі тоқтатуды сұраған.