Жапонияның Киото қаласында анимэ өндірісі бойынша студияны өртеу салдарынан 10 адам қаза тапты.Жапон заңдарына сәйкес өлім фактісін медициналық мамандар ғана растай алады. Тағы қырық адам зардап шекті.
Полицейлер хабарлағандай, өрттің негізгі нұсқасы - қасақана өртеу. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері студияның ішінде жанатын сұйықтықты төгіп, өртеп жіберген 41 жастағы ер адамды ұстады. Оның бұл әрекетінің себептері анықталуда. Қылмыскердің өзі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
Үш қабатты ғимаратта орналасқан студиядағы өрт сөндірілді. Екінші және үшінші қабаттар зардап шекті.