21 ақпан, 12:20
Талғар аудандық сотында Bek Air компаниясының ұшақ соғылған үйдің иесіне қойған талабы бойынша сот отырысы кейінге. Оған себеп жауапкер Ришат Қалибектің орыс тілін меңгермегені, сонымен қатар ер адам қорғаушысы жоқ екенін мәлімдеген.
Бүгінгі алдын ала тыңдауға авиакомпания өкілдері де қатысты.
Келесі отырыс 20 наурызға ауыстырылды.
Естеріңізге сала кетейік, 10 ақпанда әуе компаниясы ұшақ соғылған үйдің иесін сотқа берген. Үйдің иесі оған 21 ақпан күні жауапкер ретінде шақырту SMS келіп түскенін мәлімдеді.
Бұл учаскені ер адам 2014 жылы 14 мың АҚШ долларына сатып алған. Үй сол жылы салынып, 2018 жылы аяқталған. Үйдің құрылысына 25 миллион теңге жұмсалды. Ер адам учаскені сатып алған кезде оның Алматы әуежайына жақын екенін ешкім ескертпепті.
Естеріңізге сала кетейік, қайғылы оқиға 27 желтоқсанда орын алды. Алматыдан Нұр-Сұлтанғабағыт алған Bek Air әуекомпаниясының ұшағы биікке көтерілген кезде ақау болып, бетон қоршауын сындырған. Содан кейін екі қабатты үйге соғылды.