Сот 330 миллион теңгеге салынған шолу шеңберінің жұмысын тоқтатты

16 мамыр, 11:00

Рудный қаласында шолу шеңберін пайдалануға тыйым салу талабымен сотқа талап арызды қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау орталығы жіберген. Белгілі болғандай, судья өтінішті қанағаттандырып, іс бойынша түпкілікті шешім қабылданғанға дейін аттракционның жұмысын тоқтатуды ұйғарған.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта тиісті сот сараптамаларын тағайындау мәселесі шешілуде.

Аттракцион айналасындағы дау шолу шеңберінің төңкерілген кабиналары түсірілген видео желіге жарияланған соң өршіп кетті. Аталған нысанның құрылысына 330 млн теңге бөлінген. Куәгерлердің айтуынша, бірнеше кабиналар төңкеріліп, өз осіне айнала бастаған.