Анасы аузы мен қолын байлап тастаған баланың жағдайы ауыр

24 қаңтар, 09:45

Анасы аузы мен қолын байлап тастаған сарыағаштық бүлдіршін жансақтау бөліміне жатқызылды. Бұл туралы ақпарат Facebook желісінде пайда болды.

"Бірнеше сағат бұрын Сарыағаштағы екі жасар бүлдіршін шұғыл түрде жедел жәрдем қызметімен Келес аудандық ауруханасынан Түркістан облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылды. Соған қарағанда жағдай қиын. Баланың әкесінің сөзінше, бүлдіршіннің жағдайы ауыр. Ер кісі ұлының өмірі үшін көмек сұрайды...

Түркістан облыстық құзырлы органдардың араласуы қажет деп санаймын" деп жазды белсенді Құрманғазы Мүсір өзінің желі парақшасында.