26 шілде, 16:11
Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментіндегілер бұрынғы Білім және ғылым вице-министрінің ұлының қайтыс болғаны туралы хабарлады.
Қайғылы оқиға Іле ауданының Өтеген батыр ауылында 2019 жылы 25 шілдеде орын алды. Оқыс оқиға туралы хабарлама 22: 10-да келіп түсті.
"Іле ауданының ТЖБ қызметкерлері оқиға орнына келген соң, үлкендердің қарауынсыз қалған 2015 жылы туылған бала жеке тұрғын үйдің бассейніне құлап, суға батып кеткендігі белгілі болды", - деп хабарлады департаментте.
Алматы облысы ТЖД қызметкерлері пзаматтарға балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдыру өте қауіпті екенін тағы да еске салады.