Өз ісіне адал таксиші 4 млн теңгеден астам қаражатты қайтарып берді

31 мамыр, 18:00

Таксиші көлігінің артында сөмке қалып кеткенін байқайды, ішінде 360 мың бат (4,3 млн теңге) ақша болған, деп хабарлайды AsiaOne.

Таиландтың солтүстік-шығысындағы Сисакет провинциясының таксиші жолаушыға ірі көлемдегі ақшасын қайтарып берді.

Саравут Бунсаттха өз автокөлігінің артқы орындығында сөмке тауып алды, оның ішінде 360 мың бат (4,3 млн теңге) ақша болған. Сондай-ақ, сөмкеде жатқан заттардың арасында Алена Раймонд Борьдьенің атына банк кітапшасы болды.

Жүргізуші швейцариялық 75 жастағы бизнесменді табуға бел буды. Ол үшін таксиші радиостанцияға барды. Ал кәсіпкер болса, өз сөмкесін үйде ұмытып кеттім деп ойлаған. Бизнесмен Тайланд азаматы болып табылатын жұбайына қоңырау шалған, бірақ сөмке үйде болмай шыққан.

Көп өтпей Алена Бордьеге радиостанциядан қоңырау шалып, сөмке өздерінде тұрғанын хабарлайды. Бизнесмен таксишіні адалдығы үшін марапаттады. Ол 39 жастағы жүргізушіге 20 мың бат (шамамен 250 мың теңге) берді. Швейцариялық бизнесмен адал таксистке отырғанына қуанышты.