Енді қазақстандық таксисттер жолаушыларға фискалдық чектер беруі тиіс. 1 сәуірден бастап такси парктерін автомобиль салондарына кассалық аппараттарды қоюға міндеттейтін талап күшіне енді.
Бұл туралы жолаушыларды және багажды автомобиль көлігімен тасымалдау Ережелерінде жазылған, сонымен қатар такси жарамды таксометром немесе бақылау-кассалық машинамен жабдықталуы тиіс. Бірақ жүргізушілер бұл бірінші сәуірдегі әзіл деп қабылдады. Біздің шақыруымызға келген таксист аппараты жоқ екенін мойындады.
Жолаушы:
сізде кассалық аппарат әлі
орнатылған жоқ па?
Жүргізуші:
жоқ, орнатылмады. 1 мен 5
-тің арасында кеңседе болуым
керек еді. Бірақ бардым. Мүмкін, бір
өзгеріс болған шығар.
Кәсіпкерлер
палатасының бөлім бастығы Сабира
Адамбекова тасымалдаушыларда
кассалық аппараттардың болмауы
жүргізушілерге айыппұл салуға әкеп
соғады деп ескертеді. Оларды ай басынан
бастап қолдану міндетті болды. Айыппұл
ақауы бар немесе орнатылмаған
кассалық аппарат үшін енгізіледі
"Шағын
кәсіпкерлік субъектілеріне - 15 АЕК, орта
кәсіпкерлік субъектілеріне-30 АЕК, ірі
кәсіпкерлік субъектілеріне-50 АЕК айыппұл
салынады", - деді Кәсіпкерлер палатасының
бөлім бастығы Сабира Адамбекова
Қазіргі
заманғы гаджеттердің арқасында өзімен
бірге кассалық аппаратты алып жүру
міндетті емес,оны қосымша арқылы көшіріп,
салық органына тіркеуге
болады! Бірақ бұл тізімде
жалғыз таксистер емес. Бұл
сұлулық салондарына, техникалық
қызмет көрсету станцияларына, қосалқы
бөлшектер саудагерлеріне,
риэлтерлік және жарнамалық агенттіктерге
де қатысты. Сондай-ақ
сауда және қызмет көрсету саласында
жұмыс істейтін барлық ұйымдардың
да бақылау-кассалық аппараттарын
орнатуларына тура келеді.